ҰҚК қызметкері мен оның әйеліне қатысты сот үкімі шықты

Құқық
09.02.2021, 15:41

Айыпталушылар сот үкіміне қатысты шағым түсірді

ҰҚК қызметкері мен оның әйеліне қатысты сот үкімі шықты

25 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшінші департаментінің үшінші дирекциясы басшысының орынбасары Е.Арыстанға қатысты алаяқтық және пара беруге шақыру фактісі бойынша және оның әйелі Е.Дүйсенқызына қатысты алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды.

Сотта анықталғандай, айыпталушылар жәбірленушінің ұлын Академияға қабылдауға көмектесуге уәде беріп, оқу мекемесінің өкіліне пара беру керек деген сылтаумен одан 15000 АҚШ долларын алған.

Айыпталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеті нәтижесінде дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 190 және 367-баптарында айыппұл салу, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру сияқты жаза түрлері қарастырылған.

Сот айыпталушылардың кәмелет жасқа толмаған 12, 10 және 5 жас аралығындағы балаларының болуын, келтірілген залалдың толық өтелуін және жәбірленушінің бас бостандығынан айырмауды сұраған пікірін ескерді.

Осылайша, сот үкімімен Е.Арыстанға қатысты 6 жылға, әйелі Е.Дүйсенқызына қатысты 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ Е.Арыстан өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Айыпталушылар сот үкіміне қатысты шағымданып, прокурордың өтінішхаты түсті.

Сұхбат

PhotoRoom