Әлия Юсупова федерация басшысы болды

Жаңалықтар
10.02.2021, 10:20

Айта кетелік, бұған дейін аталған федерацияны Үміт Шаяхметова басқарды

Әлия Юсупова федерация басшысы болды

Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Федерацияның кезекті есеп беру конференциясында жаңа басшы таңдалды. 

«Бұл мен үшін де, басқалар үшін де күтпеген жағдай болды. Бұл тағайындау менің жұмысымдағы жаңа кезең. Осы орайда, маған сенім артқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызына, сондай-ақ, он жыл көлемінде жұмыс атқарған Үміт Болатханқызына алғыс айтамын. Команданың бас бапкері міндетін де одан әрі жалғастыра беремін, өйткені, жаңа жұмысым қоғамдық қызметке жақын. Екеуін де қатар алып жүремін. Біздің мақсатымыз айқын – еліміздегі спортты дамытып, жақсы нәтиже көрсету. Әрине, алғашында оңай болматынын түсініп тұрмын. Дегенмен, менің тәжірибем, білімім мен күш-қуатым, сонымен қатар, Федерация мүшелерімен тығым байланысым көптеген сұрақтың шешімін табады деген ойдамын. Біз бірлесе отырып, Федерациямыздың құрамын енетін әрбір спортты дамытамыз», - деді Юсупова.

Әлия Юсупова 10 мәрте Қазақстан чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы. Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы. Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі (5-орын) Олимпиада ойындарына қатысқан.

Сұхбат

PhotoRoom