«Өртеп жіберемін»: Қарағандыда кассирді тонаған екеу ұсталды

Аймақ
11.02.2021, 12:35

Ұсталған азаматтар жасаған қылмысын мойындады

«Өртеп жіберемін»: Қарағандыда кассирді тонаған екеу ұсталды

9 ақпан күні белгісіз екі адам қаладағы шағын несие беру мекемелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Олар кассирді «мекемені өртеп жібереміз» деп қорқытып, ақша алып кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19 және 28 жастағы екі азамат ұсталды.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин ұсталған азаматтар жасаған қылмысын мойындағанын хабарлады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom