Жоғары сот кеңесі пара алған судьяға қатысты пікір білдірді

Құқық
12.02.2021, 13:34

Судья 2020 жылдың желтоқсанына дейін Жоғары сот кеңесінің мүшесі болған

Жоғары сот кеңесі пара алған судьяға қатысты пікір білдірді

2020 жылдың 11 ақпанында бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот судьясы басқа судьяның қызмет орнын ауыстыруға ықпал ету үшін пара алу үстінде ұсталуы туралы ақпарат тарады.

Осы ақпаратқа қатысты Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттағы судья 2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында Жоғары сот кеңесінің мүшесі болған.

«Жоғары сот кеңесі туралы» заңға сәйкес, Жоғары сот кеңесінің тұрақты мүшелері 10 адамнан тұрады. Оның сегізі - қазір судья. Кеңес құрамына судьяларды Жоғарғы сот өзінің алқа мәжілісінің отырысында сайланып (Жоғарғы сот судьяларының барлығы мақұлдап), ұсынылады. Кеңес мүшелері бір жарым жыл сайын ауысып отырады. Жоғары сот кеңесінің құрамы соңғы рет 2020 жылдың желтоқсан айында жаңарды.

Қызмет атқарып жүрген судьяларды бір соттан басқа сотқа ауыстыруға қатысты: мұндай ауыстырулар конкурстан тыс тәртіпте тек Жоғарғы сот төрағасының ұсынымымен Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі негізінде іске асуы мүмкін. Жоғарғы сот кеңесі осы шешімді негізге алып, ұсыныс жасайды», - делінген хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom