«L-Капитал» компаниясының негізін қалаған әйел қамауға алынды

Аймақ
16.02.2021, 11:44

Қаржылық ұйым 50 адамды тақырға отырғызған

«L-Капитал» компаниясының негізін қалаған әйел қамауға алынды

Алматы қаласы Полиция департаменті тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазір қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Еске сала кетейік, 15 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратуралар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте қаржы пирамидаларының құрбаны болған азаматтар жайында айтты.

Сұхбат

PhotoRoom