Елордада көше спортына арналған колизей ашылады

Аймақ
16.03.2021, 09:52

Саябақ аумағында стритболға арналған 5 алаң жасау жоспарланып отыр

Елордада көше спортына арналған колизей ашылады

Елордадағы Ататүрік паркіне реконструкция жұмыстары жүргізіледі. Мұнда осы жазда көше спортына арналған колизейі пайда болмақ. Екі деңгейлі мультифункционалды аренаның 4 кіреберісі, периметрі бойынша отыратын орны болады. Ал екінші деңгейінде көлеңкелі шатырлар қарастырылған.

Екі деңгейлі арена баскетбол, футбол жарыстары, бокс турнирлері, би батлдары және гимнастика жарыстары өтетін орынға айналады. Қыста стенд хоккейшілер мен конькимен сырғанаушылар үшін мұз айдынына айналуы мүмкін.

«Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша қала аумақтарын, яғни саябақтарды, скверлерді, аула аумақтарын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, Ататүрік паркін функционалды түрде стритфуд, спорттық-жаттығу, балалар ойын және мини-экстремалды алаңдарға бөлу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында көше спортын насихаттауға назар аударылып отыр. Бұл жұмыс бүкіл қала бойынша жалғасады», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Саябақ аумағында стритболға арналған 5 алаң жасау жоспарланып отыр. Осылайша, бір уақытта әртүрлі алаңқайда ойындар өткізуге болады, тіпті жарыстарға да ыңғайлы болмақ.

Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, саябаққа көлеңке түсіру үшін қалқалар, әткеншектер, көше жиһаздары, жылдам тамақтануға арналған павильондар орнату жоспарланған. Жұмыс биыл басталады.

Сұхбат

PhotoRoom