ШЫМКЕНТТІКТЕР ҮШІН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ КӨБЕЮДЕ

Рейтинг
12.11.2024, 10:02
ШЫМКЕНТТІКТЕР ҮШІН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ КӨБЕЮДЕ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында үш демалыс аймағы тұрғындар игілігіне берілді. Қала басшысы Ғабит Сыздықбеков жаңа нысандардың ашылу рәсіміне арнайы қатысып, тұрғындармен жүздесті.

Ғабит Әбдімәжитұлы алдымен Шымкент май зауыты (МЖК) аумағындағы жаңарған нысанды аралап көрді. Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га аумақтағы көне саябақ қайта жаңғырды. Тұрғындарды ерекше қуанышқа бөлеген демалыс аймағы ел игілігіне жасалып жатқан қадамдар. Айта кетсек, ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 шаршы метр заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт (тренажер, воркаут) алаңшалары, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылған. Аталған аумақта 2000-нан астам тұрғын бар.


 Тұрғындар көне саябақтың қайта абаттанғанына ризашылықтарын білдіріп, қала әкіміне алғыстарын жеткізді. Ғабит Сыздықбеков азаматтарға қайта жаңарған саябақты күтіп ұстау қажеттігін, демалыс аймақтары одан әрі де көбейе беретінін атап өтті.


 Сондай-ақ, қала әкімі А.Диваев көшесінде, С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. 


А.Диваев көшесінде орналасқан жалпы аумағы 0,31 га гүлзарда шынар, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды. Аталған аумақ жалпы 20 көпқабатты тұрғын үй мен 3300 адамды қамтиды. Құрылыс жұмыстары барысында 1031 шаршы метр аумаққа мәрмәрдан жасалған аяқжол салынған. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2 велотұрақ, ауызсу бұрқағы және фотоаймақ жасалды.


Қоғамдық ортақ пайдалану орындарын қалыптастыру мақсатында қолға алынған С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзардың аумағы – 0,2 га. Серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Сонымен қатар, гүлзарда көпжылдық гүлдер отырғызылған. Аталған аумақта халық тығыз орналасқан. Жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700-ден аса тұрғын бар.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында қалалар мен аудандарды көркейтуге, тазалығына бас мән беріп, нақты тапсырмалар жүктеді. Осы орайда үшінші мегаполисте ауқымды жұмыстар жүргізіліп, айқын нәтижелер көрсетілуде.

Сұхбат

PhotoRoom