КӘСІП ТҮБІ НӘСІП: ЖЕКЕ КӘСІП ИЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Рейтинг
12.11.2024, 14:42
КӘСІП ТҮБІ НӘСІП: ЖЕКЕ КӘСІП ИЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата директоры Сабира Адамбекова, сертификаттау бөлімінің мамандары және жеке кәсіп иелері қатысты. Кәсіпкерлер палатасына күнделікті түрлі мәселелер бойынша сан сауал келіп түседі. Соның ішінде ең көп сұрақ кәсіпкерлер  тарапынан өздерінің тауарларына сертификат алуды түсіндіру бойынша тіркелген. Міне осыған орай аталмыш семинар ұйымдастырылып, сертификат алудың жолы түсіндірілді. Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира адамбекованың айтуынша, семинардың тақырыбын кәсіп иелерінің сұранысы бойынша таңдалған. 
 Кәсіпкерлер палатасы жанындағы сертификация бөлімінің маманы Спартак Ибрагимов сертификаттың түрлерін түсіндіріп берді. 
-    Қазақстанда кәсіпкерлердің тауарларына берілетін сертификаттың негізгі үш түрі бар. Экспорттық сертификат, индустриалық сертификат және СТ-KZ сертификаты. Соның ішінде индустриалық сертификат 3 жылға беріледі. Арнайы тізімге енген тауарлар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу үшін кәсіпкерге міндетті түрде осы сертификат қажет болады. Бұл сертификатты алудың 2 қадамы бар. Біріншісі – кәсіпкер өзі жұмыс істейтін салалық қауымдастықтардың сарапшыларынан қорытынды алуы керек. Ол қорытынды келісім-шарт жасасу арқылы ақылы түрде беріледі. Кәсіпкер өзінің өндірісіне қатысты барлық құжатты электронды түрде жібереді. Салалық сарапшы кәсіпкерлік нысанына келіп, фото-видеоға түсіреді, барлығы талапқа сай келетін болса, қорытынды береді. Оны алған соң кәсіпкер «Атамекен» ҰКП-на электронды жүйе арқылы өтінім береді. Біздің тараптан 5 күн құжаттарды қарауға, екі күн тізілімге енгізуге – жалпы 7 жұмыс күні қажет. Егер барлығы талапқа сай болса, комиссия жиналып, кәсіпкерлік нысанына келіп фото-видеоға түсіріп, тізілімге енгізеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан сертификат алу тегін», – деді Спартак Ибрагимов.

 Семинар барысында СТ-KZ сертификатын алудың жолдары да түсіндірілді. Мамандардың мәліметінше, СТ-KZ нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат – тауардың шығарылған елі Қазақстан Республикасы екенін куәландыратын құжат. Бұл сертификатты алудың да 2 қадамы бар. 
Мемлекет басшысы да отандық кәсіпкерлікті үнемі қолдап келеді. «Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес  деуге  болады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  бізге  шын  мәнінде    сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Орта кәсіпкерліктің дамуын жеделдету – келесі маңызды міндет. Президенттің айтуынша, Қазақстанда шағын және ірі бизнес үшін өте жақсы жағдай жасалған. Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпкерліктің аса маңызды саналатын орта буынына көшу үшін ынталандыру жұмыстары жетіспейді.

Сұхбат

PhotoRoom