ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Рейтинг
12.11.2024, 17:54
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін мерекелеуге арналған шарада сөз сөйлеп, әлеуметтік саясаттың басым бағыттары туралы айтты. 
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 115 жаңа медицина нысаны салынды. Отандық медицинада емдеудің инновациялық әдістері енгізіліп, онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл – аталған мамандықтың мәртебесін арттыруға бағытталған қадам. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалып отыр. Орташа өмір сүру ұзақтығы Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет 75 жастан асты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Шымкент қаласында зейнет жасындағы азаматтардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында түрлі қолдау шаралары жүргізіліп жатыр. Қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес, жыл сайын зейнеткерлерді санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында шипажайға 5 000 жолдама беріледі. Оған қоса, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 70 орынға лайықталған «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешені ашылғаннан кейін жылына тағы 2000 зейнеткерді сауықтыру шипажайымен қамту мүмкіндігі туды. Осылайша қаламызда жалпы 7000 ардагер мен зейнеткердің шипажайда сауықтыру емін қабылдауына жағдай жасалып отыр.

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында 4 шипажаймен келісім-шарт түзілген. Олар Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі», Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» және қала ішіндегі «Денсаулық» шипажайы. Бұл шипажайларға 10 айдың қорытындысымен 6 220 жолдама берілді. Оның ішінде «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде 1 655 зейнеткер сауықтыру емін алды. Қазір жолдама беру кезегі geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Үйден шықпай-ақ порталға тіркелуге және кезек ретін ЖСН нөмірі мен тегін жазу арқылы бақылауға болады. Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 94 664 зейнеткер тіркелген. Оның 2-і ҰОС ардагері, 1 687-і тыл еңбеккері. Сонымен қатар, 66 264 көп балалы ана мен 13 589 «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналар бар.

Сұхбат

PhotoRoom