«Самұрық-Қазына» ұжымын вакциналау үшін 1 млн доза қытай екпесі сатып алынды

Жаңалықтар
28.04.2021, 10:41

Аталмыш вакцинаның 1 дозасы 31,1 долларды құрайды

«Самұрық-Қазына» ұжымын вакциналау үшін 1 млн доза қытай екпесі сатып алынды

Қазақстандық бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде БАӘ-де өндірілген коронавирусқа қарсы Hayat-Vax вакцинасының партиясын сатып алды.

Еске сала кетейік, Hayat-Vax - БАӘ-де өндірілетін қытайлық Sinopharm компаниясы әзірлеген вакцина.

2021 жылғы 30 сәуіріне дейін аталған вакцинаның 400 000 дозасы, мамыр айында 600 000 дозасы жеткізіледі. «СҚ-Фармация» мәлім еткендей, аталмыш вакцинаның 1 дозасы 31,1 долларды құрайды. Демек, Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасын алу үшін 31,1 млн доллар жұмсалмақ.

«Самұрық-Қазына» АҚ – елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. Компаниялар тобына 276 мың қызметкер еңбек етіп жүрген 292 кәсіпорын кіріп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom