Қазақстанда коронавирус вакцинасын алғандар саны миллионнан асты

Әлеумет
28.04.2021, 14:23

Вакцинаның 1 компонентін - 1 016 809 адам, 2 компонентін - 205 188 адам қабылдады

Қазақстанда коронавирус вакцинасын алғандар саны миллионнан асты

28 сәуірдегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 1 016 809 адам, ал 2 компонентін 205 188 адам қабылдаған. Бұл туралы ВАК баспасөз қызметінен хабарланды.

Өткен бір тәулік ішінде 88 015 адам вакцина қабылдаған.

Қазір елімізде халықты індетке қарсы иммундау іс-шарасы 1051 екпе пунктінде жүргізілуде. Сонымен қатар, КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізу үшін шалғай елді мекендерде, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп шоғырланған орындарда екпе жасаудың 303 көшпелі бригадасы жұмылдырылған. Иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкерлері тартылған.

Еске салайық, сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда вакциналауға жататын халықтың 20%-ы коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс. Сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom