ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРЫНДА

Рейтинг
19.11.2024, 12:36
ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРЫНДА

Соңғы жылдары Шымкет қаласының тұрғындары, сонымен қатар Түркістан шаһарының тұрғындарына кеңінен танылған «Айжамал тәттілері» кондитерлік дүкендер желісі сұранысқа ие.  «Айжамал Group» ЖШС-ның кондитерлік өнімдер шығару цехы бүгінде 100-ден аса тәтті бәліштер мен торттардың 10 түрін, сонымен қатар жартылай дайын өнімдер шығаратын цех іші шет елдік заманауи жабдықтармен жабдықталған. «Айжамал тәттілері» – дәстүрлі және заманауи кондитерлік өнімдерді қолжетімді етіп, тұтынушылардың талғамынан шыққан. «Айжамал» брендімен шығарылатын тәттілер сапасы, табиғилығы және дәмділігімен ерекшеленеді, сондықтан да қала халқы арасында кеңінен танымал. Цехтағы кейбір тәттілер, тоқаш, кеспе, самса, қолмен жасалады. Бұл әдіс әрбір өнімге қайталанбас дәм беріп, ерекше сапалы болуына әсер етеді. Қаланың 8 жерінен сату нүктелерін ашқан, үлкен кәсіпорынға айналған «Айжамал тәттілері» 3 рет «Даму» қорынан қолдау тапқан. Алғашында 2016 жылдары үйде торт пісіріп сатуды бастаған келіншектің бүгінде кәсібі өрге домалаған бизнесмен.
– Өнімді өндіруде заманауи кондитерлік жабдықтар қолданылады, бұл өнімдердің біркелкі пісіп, сыртқы көрінісінің әдемі болуына әсер етеді. Сонымен қатар, заманауи технологиялар арқылы өндіріс процестері жылдамдап, үлкен көлемде өнім шығаруға жағдай жасалған, – дейді кәсіпорын өкілі Дана Абдухакимқызы.
«Даму» қоры арқасында, мектеп бизнесін ашып, білім беру саласына үлес қосып жатқан компаниялардың бірі – білімге деген құштарлықты қолдап, заманауи оқу ортасын қалыптастыруды мақсат еткен кәсіпорын «Zangar Bilim» компаниясының «Аужан» КТЛ мектебінде қазіргі таңда 400 бала білім алуда. Жан-жақты білім берумен қатар спорт, сурет салу, бағдарлау және музыка сынды бағыттар бойынша 30 түрлі үйірме жұмыс істейді екен. Мектеп халықаралық стандарттарға негізделген білім беру бағдарламасын қолданады. Бұл оқушылардың жан-жақты дамуына көмектеседі. Оқу бағдарламалары инновациялық тәсілдермен толықтырылып, пәндер жаңаша оқытылады. Оқу орнында соңғы үлгідегі технологиялық жабдықтар орнатылған. Бұл оқушыларға тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды үйретуге мүмкіндік береді.
– Лицейде жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Олардың көбі шетелдік оқу орындарында тәжірибе жинақтаған, көп тілділік және инновациялық оқыту әдістеріне жетік мамандар. Олар оқушыларға тілдерді меңгеруге, жеке әлеуетін ашуға, және өз жолын табуға көмектеседі, – дейді мектеп директоры Әлібек Алатаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстанда шағын және ірі бизнес үшін өте жақсы жағдай жасалған. Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпкерліктің аса маңызды саналатын орта буынына көшу үшін ынталандыру жұмыстары жетіспейді.

«Орта кәсіпкер, біздің бақылауымыз бойынша, әлдеқайда ширақ, мобильді және құбылмалы нарықтық жағдайларға тез бейімделеді. Иә, соңғы 7 жылда ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің өскені байқалады. Бірақ бұл динамиканың негізгі қозғаушы күші – шағын кәсіпкерлік субъектілері. Олардың саны 46 пайызға көбейді. Осы орайда орта кәсіпкерлік тек 0,5 пайызға өсіп, экономикадағы үлесін 5 пайыздан 6,2 пайызға дейін арттырды. Бұл ретте ЭЫДҰ елдерінде оның үлесі орта есеппен 18 пайызға тең, ал жекелеген мемлекеттерде одан да жоғары, яғни 26 пайызға дейін. Дәл осы орта бизнесті, әсіресе өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті қолдау үшін елімізде әлі күнге дейін ешқандай ерекше жағдай жасалмаған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сұхбат

PhotoRoom