Тоқаев ресми сапармен Тәжікстанға барады

Саясат
04.05.2021, 14:35

Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізбек

Тоқаев ресми сапармен Тәжікстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19-20 мамыр күндері президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстанға ресми сапармен барады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізбек. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек.

Келіссөздер барысында өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі.

Сұхбат

PhotoRoom