Байбектің өкілі Жанболат Мамайдың өтірігі туралы жік-жігімен айтып берді

Жаңалықтар
14.06.2021, 18:47

Заңгер Мамайдың ұсынған жауабында ешқандай дәлелдің жоғын мәлімдеді

Байбектің өкілі Жанболат Мамайдың өтірігі туралы жік-жігімен айтып берді

Белсенді Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қатысты өтіп жатқан сотта заңгер Айжан Тәшенова ерлі-зайыптылар мәлімдеген деректердің бәрі өтірік және жала екенін айтты. Даулы видеоматериалды жік-жігімен талдаған заңгер олардың әрбіріне ресми құжатпен жауап бергенін, ал Мамайдың ұсынған жауабында ешқандай дәлелдің жоғын мәлімдеді.

Мәселен, «Көкжайлау» шатқалында мыңдаған түп ағаштың шабылғаны, оның орнына коттедждердің салынғаны туралы ақпаратты Мамай мен оның заңды өкілдері ресми құжаттармен бекіте алмай, оның орнына журналист Вадим Борейконың 7 мақаласына сілтеме берген. Шындығында Бауыржан Байбек әкім болған уақытта шатқалдағы курортты аймақтың территориясын 4 есеге қысқартып, ондағы бұталуы тиіс 20 мыңнан астам ағашты сақтап қалған.

«Сондай-ақ, Бауыржан Байбектің автобустар сатып алу процесінде 11 млн долларды қалтасына басты деген мәлімет те жалған. Мемлекеттік сатып алу процесін Алматы әкімдігі емес, Қаржы министрлігі жүргізген. Яғни, Бауыржан Байбектің бұл процеске ешқандай қатысы жоқ, Мамайдың айтқаны жала», - деді заңгер.

Ерлі-зайыптылар сондай-ақ, «Алматыэлектротранс» ЖШС-ның сенімгерлік басқаруға берілуінің заңды екеніне күмән келтірген.

«Біріншіден, сенімгерлік басқаруға берілу 5 жылдық мерзімге сатып алу құқығынсыз берілді. Екіншіден, жеңімпаз конкурс арқылы анықталды. Үшіншіден, ол кезде кәсіпорынның 9 млрд теңге көлемінде үш жылдық шығыны және 700 млн теңге көлемінде қарызы бар еді. Ал, автопарктің жағдайы шұғыл ауқымды жаңартуды қажет еткен. Сондықтан, көлемді инвестиция үшін кәсіпорынды сенімгерлік басқармаға беру мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін жасалған шара болды. Маған белгілісі, «Green Bus» компаниясы бірінші этаптың өзінде жаңа автобус сатып алуға 1,5 млрд теңге бөлді. Мемлекет бұл үшін бір тиын шығармады», - деді Айжан Тәшенова.

Ол сондай-ақ, «Атакенттегі» жер учаскесінің ақылы автотұраққа берілмегенін, Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарының мемлекет меншігінде қалғанын айтып, өз сөзін ресми құжаттармен дәлелдегенін мәлімдеді.

Сұхбат

PhotoRoom