Атырауда мәслихат депутаты үйқамаққа алынды - БАҚ

Аймақ
16.06.2021, 16:15

Басқа 22 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда мәслихат депутаты үйқамаққа алынды - БАҚ

Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті облыстық мәслихаттың депутаты Абзал-Сенбі Самаликовқа және басқа 22 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір депутат үйқамаққа алынған.

ақпарат көздерінің хабарлауынша, бастапқыда Мақат ҰҚК қызметкерлері 262-баптың 1-тармағы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Кейін іске 189-баптың 4-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тағы бір эпизод іске қосылды: депутат осы тармақ бойынша өтуде.

Тергеуге алынған барлық адамға, соның ішінде Самаликовқа Мақат станциясындағы тауарлық теміржол составы цистерналарынан жанар-жағармай ұрлады деген айып тағылуда. Тергеу нұсқасы бойынша, өткен жылдың 31 маусымы мен 31 қазаны аралығында күдіктілер 20 миллион теңгеден асатын сомаға 120 тонна ұрланған жанар-жағармай сатқан.

Айта кету керек, 43 жастағы Самаликов «Мақат-Атырау жүк тасымалдау локомотив пайдалану депосының» директоры. «NurOtan» праймеризінен кейін ол облыстық мәслихаттың депутаты, заңдылықты сақтау, құқық қорғау және депутаттық әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.

Редакция тілшісі облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Барлыбайұлынан түсініктеме алуға тырысып, бірнеше рет қоңырау шалса да, ол тұтқаны көтермемеген.

Редакцияға белгілі болғандай, депутатқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, 9 адам тергеу изоляторына қамалды, қалғандары үйқамаққа алынған немесе басқа жаққа шықпау туралы қолхатпен жүр.

Сұхбат

PhotoRoom