Олимпиада ойындарының жүлдегері QazVac вакцинасын салдырды

Жаңалықтар
17.06.2021, 18:14

Әйелдер күресінен Қазақстан чемпионы Диана Каюмова да вакцина алды

Олимпиада ойындарының жүлдегері QazVac вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда. Олардың арасында танымал мәдениет, спорт қайраткерлері, қоғам қайраткерлері мен ірі еңбек ұжымдары бар. Жақында елорданың егу пункттерінің бірінде олимпиадалық құрамның спортшылары вакцинация қабылдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

КВИ-ге қарсы вакцина алғандардың ішінде – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиаданың күміс жүлдегері Гюзель Манюрова отандық QazVac препаратын таңдаған.

Олимпиада жүлдегері отандық вакцинаны салдырғаннан кейін ешқандай ауырсыну болмағанын айрықша атап өтті.

Вакцина алған споршылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан чемпионы Диана Каюмова да болды.

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Азамат Хамзин әріптестерінің ұжымдық иммуннитет пен халық алдындағы жауапкершілігі жоғары екенін айтып, барша спортшы маусым айының соңына дейін 100% вакцина алатынын мәлімдеді.

«Бізде қазір біраз спортшы екпе салдырды. Денсаулықтары жақсы. Ешқандай өзгерістер болған жоқ. Жаттығуларын тастамай, өз уақытында, режим бойынша айналысып жатыр. Ешқандай кемшілік болған жоқ. Әріптестеріміздің 50%-ы вакцина қабылдады. Кейбірі жақында ауырғандықтан вакцина қабылдамау туралы шешім қабылданды. Менімен бірге біздің 5 қызметкеріміз келді. Маусымның аяғына дейін 100% өтеміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл әркімнің өз жауапкершілігі, өз қалауы. Ешкімге міндеттемейміз. Спортшылар да, жаттықтырушылар да өз еркімен алып жатыр», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ-ге қарсы 100-ден астам егу пункті ашылды. Олар БМСК мекемелерінде, ірі сауда ойын-сауық орталықтарында және сауда үйлерінде орналасқан.

Сұхбат

PhotoRoom