Елордада №3 автобус паркінің қызметкерлері түгелдей КВИ-ге қарсы вакцина алды

Аймақ
05.07.2021, 18:53

Елордалық автопарк ұжымы COVID-19-ға қарсы 100% вакцинациядан өтті

Елордада №3 автобус паркінің қызметкерлері түгелдей КВИ-ге қарсы вакцина алды

№3 автобус паркінің қызметкерлері толығымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Автопарк қызметкерлерін жұмыс орындарында вакцинациялауды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған көшпелі бригада жүргізді. Екпе алғысы келетін адамдар үшін қабылдау кестесі бар жеке егу кабинеті ашылды.

Дәрігерлер қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден өткізіп, вакцинаны енгізу алгоритмін түсіндірді. Айта кету керек, автобус паркінің ұжымы 100% вакцинациядан өтті.

«Әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы екпе алдық. Вакцинациядан кейін мен жағымсыз белгілерді сезінген жоқпын, яғни басым айналу немесе жүрегім айну секілді кері әсерлері болған жоқ. Өзімді жақсы сезінемін. Вакцина алу туралы шешім қабылдадым, өйткені жұртпен үнемі тығыз байланыста жұмыс істеймін. Науқастар қатарында болғаннан гөрі, екпе алғандар қатарында болған әлдеқайда жақсырақ деп есептеймін. Барлық қазақстандықтарды ел игілігі үшін вакцинациядан өтуге шақырамын», - деді №3 автобус паркінің директоры Нұрбол Ысқақов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда вакцинация және ұжымдық иммунитет коронавирустың таралуын болдырмаудың және жалпы пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі болып саналады. Оны дамыту үшін ересек адамдардың кемінде 60%-ын вакцинациялау қажет.

Нұр-Сұлтанда 5 шілдедегі жағдай бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 250 мыңнан астам адам алды, ал 158 мыңға жуық адам толық иммундаудан өтті.

Сұхбат

PhotoRoom