Биыл ҰБТ тапсыру барысында заң бұзған 19 талапкердің нәтижесі жойылды

Әлеумет
16.08.2021, 10:56

Бірінші кезекте, 100-ден астам балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбалары тексеріледі

Биыл ҰБТ тапсыру барысында заң бұзған 19 талапкердің нәтижесі жойылды

Биыл Ұлттық бірыңғай тес тапсыру кезінде заң бұзған 19 талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығынан хабарланды.

Орталық таратқан мәліметтерге қарағанда, Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді тапсыру кезінде анықталған заңбұзушылықтар жөнінде үнемі хабардар етіп отырады. Бұл жерде бөгде тұлғаларды анықтау, сондай-ақ тыйым салынған заттарды алып кіруге талпыну және оларды пайдалану туралы айтылып отыр.

Ереже бұзылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде, Орталық министрліктің келісімінсіз, одан әрі қарау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Осы ретте ҰТО оқуға түсушілердің білім алған мектебі, оның ішінде олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды. Бұл ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды жұмыс.

Айта кету керек, өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылды. Биыл да бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылды.

«ҰБТ аяқталып, гранттар тағайындалғаннан кейін де ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері талапкерлердің қатысуымен бейнежазбаларды қарайды. Бірінші кезекте, 100-ден астам балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбалары тексеріледі. Әрі қарай басқа да жағдайлар қарастырылады. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын болады», - делінген хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom