Байзақтағы жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті

Аймақ
30.08.2021, 17:54

Тағы екі адам іздестіріліп жатыр

Байзақтағы жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметтері анықталуда.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Жоғалған екі адам іздестірілуде.

Айта кетейік, жарылыс кезінде ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 14 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды.

Сұхбат

PhotoRoom