Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметінен босатылды

Жаңалықтар
31.08.2021, 13:56

Тоқаев министрдің отставкаға кету туралы өтінішін мақұлдады

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметінен босатылды
Нұрлан Ермекбаев, Қорғаныс министрі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

Айта кетейік, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 15 адамның өліміне әкеп соққан Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Министр бұл туралы 27 тамызда өткен брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

Жарылыс салдарынан 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.

Сұхбат

PhotoRoom