Сенаторлар әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселесін талқылады

Әлеумет
14.09.2021, 11:10

І топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы беру мәселесі қаралды

Сенаторлар әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселесін талқылады

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын талқылады.

Құжатта қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда, бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы беру, жәрдемақы мөлшерін ұлғайта отырып, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектік топтарын белгілеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру және т.б. жазылған.

«Заң жобасының мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру, зейнетақымен қамсыздандыру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру», - деді Нариман Төреғалиев.

Сонымен қатар, құжатта жұмыссыздарды еңбек биржасында тіркеу және жұмыссыз мәртебесін алу рәсімдерін жеңілдету тетіктері жазылған.

Сенаторлар комитет отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Сұхбат

PhotoRoom