Бұрынғы Қаржы вице-министрі төрт жылға сотталды

Жаңалықтар
23.09.2021, 18:11

Руслан Еңсебаев жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді

Бұрынғы Қаржы вице-министрі төрт жылға сотталды

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы № 2 аудандық сотының үкімімен бұрынғы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев төрт жылға сотталды.

«Сот Руслан Еңсебаевты ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы баптың негізінде қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде 4 жыл жазасын өтеу жөнінде үкімін шығарды. Сонымен қатар сот кәніліні мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкі мен оның ведомстволарында, Қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарда лауазымды қызмет атқаруға өмір бойғы құқығынан айырады. Аталған сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіліп, кінәлі дереу қамауға алынсын», - деп сот үкімімен таныстырды судья Бақытжан Есенов.

Сондай-ақ, сот шешімімен бұрынғы вице-министрдің атына қойылған кепілдеме қайтарылды.

«Жазаны орындау үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. ҚР ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі 2021 жылғы 23 қыркүйектен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу кезінде 1,5 күн үшін 1 күн есебімен қамауда ұстау уақыты есептелсін», - дейді ол.

Сұхбат

PhotoRoom