Астанада қараусыз жайылған малдың қайда қамалатыны айтылды

Аймақ
12.10.2021, 13:25

Қараусыз қалған жануарлардың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Астанада қараусыз жайылған малдың қайда қамалатыны айтылды

Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен және елорданың аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406, 408-баптары бойынша жануардың меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде комиссиялық шешім қабылдайды. Аталған баптар елорда аумағында қараусыз қалған малды жаю фактісін анықтау жағдайларына қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жануар иесінің жеке басы анықталғанға және мән-жайы анықталғанға дейін қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарлары Нұр-Сұлтан қаласы, Алаш тас жолы, 72 мекен-жайында ұсталады.

Жануарларды иесіне қайтарған кезде иесі сол аралыққа дейінгі шығынды өтеуге тиіс.

Бұл шаралар қараусыз қалған жануарлардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ ұрланған малды ұрлау мен заңсыз өткізудің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сұхбат

PhotoRoom