Талғат Момышев Экология вице-министрі болып тағайындалды

Жаңалықтар
15.10.2021, 12:10

Ол бұған дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды

Талғат Момышев Экология вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.  

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.  

Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 

1994-1996 жж. — қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры. 

1997-1998 жж. — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.  

Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді. 

1998-1999 жж. — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.   

1999-2000 жж. — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.   

2000 ж. — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.  

2000-2005 жж. — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы. 

2005-2010 жж. — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.  

2010-2014 жж. — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.  

2014-2016 жж. — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.  

2016-2018 жж. — ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.  

2018-2019 жж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.  

2019-2021 жж. — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 

2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.

Сұхбат

PhotoRoom