Альберт Линдердің өлімінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері де қызметінен босатылды

Жаңалықтар
19.10.2021, 11:02

Министр мен федерация басшылығы шешім қабылдады

Альберт Линдердің өлімінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері де қызметінен босатылды

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұл шешім Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы басшылығыны ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды.

«Федерация ҚР Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 қыркүйекте ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиада жеңімпазы және рекордшысы қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды.

Ауыратлеттің жұмбақ өлімінен кейін арнайы комиссия құрылып, комиссия мүшелері ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады.

Сұхбат

PhotoRoom