ШҚО-да кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

Аймақ
22.10.2021, 11:08

Күдікті арнайы операция барысында қолға түсті

ШҚО-да кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне бұған дейін бірнеше мәрте сотталған облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны биыл қыркүйек айының басынан бастап шаруа қожалығы иесін қорқытып, 30 млн теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалап жүргені туралы ақпарат жеткен.

Арнайы операция барысында күдікті ақшалай қаражатты алу барысында ұсталған. Тінту барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын заттай дәлелдемелер алынды.

«Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оның әрекеттері 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі (қорқытып алу) бойынша сараланады», - ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ведомствода шағын және орта бизнесті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom