Шымкент базарында сауда жасаған зейнеткерге айыппұл салмақ болған екі полицей шара қолданылды

Аймақ
25.10.2021, 14:30

Осы жағдайға қатысты шұғыл түрде тәртіптік комиссия отырысы өтті

Шымкент базарында сауда жасаған зейнеткерге айыппұл салмақ болған екі полицей шара қолданылды

24 қазанда әлеуметтік желілерде тараған Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан «Қырғы базар» маңында полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған жайт бойынша жүргізілген қызметтік тексерудің нәтижесі 25 қазанда Шымкент қаласы Полиция департаментінің шұғыл өткен тәртіптік комиссиясында қаралды.

Тәртіптік комиссия отырысы ашық түрде БАҚ өкілдерінің, қоғам белсенділері мен блогерлердің, сондай-ақ орын алған жайтқа қатысы бар азаматша Патима Бекенованың қатысуымен өтті.

Тәртіптік комиссия отырысында оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары толығымен талқыланып, нәтижесінде полиция майоры Жулдызбек Мулькубаевке өз қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік шарасы және полиция аға лейтенанты Даут Турмахамбетовке ескерту тәртіптік шарасы қолданылды.

«Қырғы базарының» кіре беріс жерінде 3-4 келі жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болыпты. Тіпті, ұлына хабарласпақшы болған әжейдің телефонынын да алып қойған көрінеді.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom