Жемқорлық жасаған адамды балабақша меңгерушісі етіп тағайындаған басқарма басшысы жауапқа тартылды

Аймақ
01.11.2021, 10:34

Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

Жемқорлық жасаған адамды балабақша меңгерушісі етіп тағайындаған басқарма басшысы жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Ш. Сейсенбай есімді азамат бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік іс жүргізу материалдарын қарау барысында төмендегілер анықталды: Ш. Сейсенбай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің елордалық білім басқармасының басшысы лауазымын атқара отырып, балабақша меңгерушісі лауазымына бұрын ҚР ҚК 176-б. 3 б. "б", "г" т. және ҚР ҚК 317-б. 1-б. (1997 жылғы редакциясында) сотталған қызметкерді қабылдады.

ҚР Еңбек кодексінде көзделген нормаларға сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді.

Сонымен қатар, 2020 жылғы қазанда еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады.

Жыл басынан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департаментімен 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 5-і мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға теңестірілген тұлғалар болып табылады. Өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 2,1 млн теңгені құрады.

Сұхбат

PhotoRoom