Қазақстанда ревакцинацияның қашан басталатыны айтылды

Жаңалықтар
10.11.2021, 10:03

Вакцинацияның бірінші компонентін алған республиканың барлық азаматтары 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинацияланады

Қазақстанда ревакцинацияның қашан басталатыны айтылды

Қазақстанда коронавирус індетіне қарсы ревакцинациялау 22 қарашада басталады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдардың вакцинацияланғанын ескере отырып, тиісінше алғашқы вакцинациялау мерзімдерін ескере отырып, жыл соңына дейін халықтың осал топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, МӘМ, жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері) ревакцинация алады.

60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ өз бетінше зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге тесттің теріс нәтижесі бар адамдар белгіленген мерзімдерді есепке алмай ревакцинациялауға жіберіледі.

Сәуір айында жаппай алғашқы вакцинацияның басталуын ескере отырып, вакцинацияның бірінші компонентін алған республиканың барлық азаматтары (вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін) 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинацияланады.

Осыған байланысты екінші кезеңде алғашқы вакцинацияны аяқтаған және ревакцинация мерзімі жеткен қалған азаматтар ревакцинацияланады.

Сұхбат

PhotoRoom