Қазақстанда Pfizer вакцинасы ақылы болады

Жаңалықтар
16.11.2021, 10:00

Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрінің ұсынысын қолдады

Қазақстанда Pfizer вакцинасы ақылы болады

Премьер-министр Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысныда Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару ұсынысын қолдады.

Бүгінде Қазақстанда 8,5 миллионнан астам – 18 жастан асқан азаматтардың 75 пайызы екпенің бірінші компонентін және 7,8 млн адам – ел тұрғындарының 69 пайызы екінші компонентін салдырған. Қазақстан Үкіметі қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша вакциналауға жататын санаттарды кеңейтіп жатыр.

«Pfizer вакцинасы өңірлерге жіберілді. Сонымен қатар адамдар өз таңдауы бойынша, қажет вакцинаны ақылы түрде алу мүмкіндігі болу үшін вакцинаны нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды тасымалдау кезінде және қоймаларда сақтау режиміне ерекше назар аудару қажет. Осыған орай ақпараттық түсіндіру жұмысын қамтамасыз етуді және ревакцинация қағидаларын сақтауды сұраймын», - деді Асқар Мамин.

Сұхбат

PhotoRoom