ІІМ Арон Атабектің өлімі жайлы пікір білдірді

Тұлға
02.12.2021, 16:29

ҚАЖК төрағасының орынбасары Арон Атабекке қойылған диагноз дәрігерлік құпия екенін жеткізді

ІІМ Арон Атабектің өлімі жайлы пікір білдірді

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев 15 жыл түрмеде отырып, жуырда денсаулығына байланысты босатылып, көп ұзамай қайтыс болған ақын Арон Атабектің өліміне байланысты пікір білдірді.

«Арон Едігеев 2019 жылдан бастап медициналық тексерудің бәрінен бас тартты. Кейінгі кезде оның арықтай бастағаны байқалды. Туыстарына да айттық, олар келіп сөйлесті. Дәрігерлер ол кісімен түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, қаралудың маңызды екенін түсіндірді. 22 қыркүйекте Павлодар қаласының N1 ауруханасына жатқызылды. 1 қазанда Павлодар қаласының сот шешімімен жаза мерзімі қысқартылып, босатылды», – деді Мейрам Аюбаев.

2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабаек 24 қараша кешкісін ауруханада қайтыс болды.

Сұхбат

PhotoRoom