Мектептер мен балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге рұқсат жоқ

Жаңалықтар
02.12.2021, 16:35

ЖОО әкімшілігі бұл туралы шешімді санитар келісе отырып өзі қабылдайды

Мектептер мен балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге рұқсат жоқ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Сенат кулуарында журналистердің сауалына жауап беріп, Қазақстандағы мектептер мен балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық шараларды өткізуге рұқсат жоғын айтты.

«Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық шаралар мектептерде өтпейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз оған бағынамыз. Сол себепті мектепте ертеңгілік те, басқа да бұқаралық шаралар болмайды», - деді министр.

Мектептегі бір сынып немесе балабақшадағы бір топ шеңберіндегі жаңа жылдық іс-шараларға қатысты шешімдер санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша және жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі деңгейінде қабылданады.

Жоғары оқу орындарының әкімшілігі де санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайды.

Сұхбат

PhotoRoom