ТЕКЕСУДЕ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

Жаңалықтар
25.03.2022, 15:44
ТЕКЕСУДЕ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу тұрғын алабында 600-ге жуық тұрғын қоныстанған. 1 мектеп, 1 амбулатория жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. 1 спорт алаңшасы орнатылған.

Электр жарығымен толық қамтылған.

Ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, бюджетке ұсынылды.

Табиғи газбен толық қамтылған.

Билайн және Актив интернет желісі станциясы орнатылған.

Жол — 1 көше асфальтталған, 6 көше шағал тас төселген.

Ақсай және Көлді көшелерін асфальттау жұмыстары 2023 жылдың жоспарына енгізіледі.
№142 қоғамдық көлігі қызмет көрсетеді. Шымкент қаласының кешенді схемасына сәйкес №142 маршрутты оңтайландыру жоспарлануда. Оңтайландыру барысында кесте санын көбейтіп, шағын автобустарға ауыстырып,  қозғалыс сызбасын қайта ұйымдастыру қаралады.

Текесу көшесі жарықтандырылған.


Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom