ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ ЖОБАСЫ- ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

Жаңалықтар
22.04.2022, 17:55
ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ ЖОБАСЫ- ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

 

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылатын «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жұмыссыз азаматтарды қатысуға шақырады.

Аталған жобаның мақсаты - жас мамандарға жұмыс ұсыну және зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлерді ауыстыруды дайындау. Жобаға оқуды екі жыл ішінде аяқтаған және 29 жастан аспаған оқу орындарының түлектері қатыса алады. Яғни, қатысушы мекемедегі зейнеткерлік жасқа кемінде 6 ай қалған қызметкерді алмастырады. Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстыруға міндетті.

Қатысу ұзақтығы 6 айдан аспайды, ал жалақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жобаға қатысу үшін жұмыссыз жастар қалалық жұмыспен қамту орталығына қажетті құжаттарымен жүгіне алады. Олар өтініш, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) және диплом.

Айта кетсек, ҚР Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау және халықтың табысын арттыру мақсатында әзірленді.

Сұхбат

PhotoRoom