ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Жаңалықтар
25.04.2022, 12:49
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Керімбаева Наргиза Абайдуллақызы Еңбекші ауданына қарасты 11 шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті деген мәселелерін тыңдады. 

Тұрғындар көпқабатты үйдің шатыры құжатқа сай жабылмағандығын, балалар ойын алаңы апаттық жағдайда екенін айтып, подъездерге жөндеу жұмыстары жүргізілуін сұрады. 

Жоспар бойынша бұл ауланың абаттандыру жұмыстары 2023 жылы жүзеге асырылуы тиіс болған. Бірақ халық қалаулысы жұмысты жылдамдату үшін қарасты әкімдікке «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жылдам түрде ұсыныс тастауын жеткізді. Алдағы уақытта тұрғындардың талап-тілегінің орындалуын өз бақылауына алатынын айтты.

Сұхбат

PhotoRoom