МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «TULPAR SHYMKENT» САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

Жаңалықтар
12.05.2022, 15:40
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «TULPAR SHYMKENT» САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев «TULPAR SHYMKENT» сауда орталығына арнайы барды. 

Кездесуге «Қазақ тілі коғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Максим Рожин, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектева, қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев қатысты.

Халық қалаулысы Фахриддин Қаратаев «TULPAR SHYMKENT» автобөлшектер мен аксессуарлар базарының қызметкерлерімен ашық сұхбат құрды. Ол ең әуелі келесі айда өтетін референдумның маңыздылығын ерекше атап өтті. Тіл жанашыры Максим Рожин референдум нәтижесінде тіл мәселесіне қатысты тармақтар да өзгеретіні туралы сөз қозғады. Ол сондай-ақ, Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екенін де жеткізді.

- «Осы тұста еліміз тарихи таңдаудың қарсаңында тұрғанын жауапкершілікпен сезінуі қажет. Референдум өткізу -  саяси дамудың келесі кезеңі бола отырып, Жаңа Қазақстанның негізгі іргетасы болмақ. Бұл - уақыт талабы. Себебі ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысу қажет», - деді Ж.Бектаева.

Сұхбат

PhotoRoom