МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

Жаңалықтар
13.05.2022, 18:45
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  «AMANAT» партиясының Республикалық штаб мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлы  «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен кездесті. 
Мәжіліс депутаты Бекжанов Берік кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығына тоқталып өтті. Оның басты мақсаты – нақты саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, қазақстандықтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту. 
Сондай-ақ мәжіліс депутаты еліміздің Ата заңына енгізілетін нақты нормалардың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, олар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді қамтамасыз ету, сайлау жүйесін реформалау мен жаңа саяси партиялардың құрылуы.  
Кездесу соңында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері еліміздегі болып жатқан маңызды шараға бей-жай қарамай, белсенді болуға шақыратынын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom