Көрші облыс аумағынан біздің өңірге қарай қазір айналма жол салу жұмыстары қарқын алған.
Сонымен қатар, облыс әкімі вахталық қалашықтардың, асфальт-бетон зауытының, материалдардың сапасын бақылайтын зертханалардың жағдайымен танысты.
Белгілі болғандай, биыл жолдың жүз шақырымы жаңғыртылса, келесі жолы толық аяқталады.
Аралау жұмыстарының нәтижесінде облыс әкімі жұмыс техникаларының біздің өңірде тіркелуі мен жергілікті азаматтарды жұмылдыру міндетті екенін ескертті. Сондай-ақ, айналма жолды бағыттайтын белгілер қоюды, ҚР-ның заңнамасын қатаң сақтауды тапсырды.
«Бұл-біздің облыс үшін ғана маңызды емес, ел көлемінде назарда тұрған ауқымды жоба. Сол себепті де жұмыс қарқынын бұдан да белсенді ету қажет. Мәселе туындаса, әкімдік тарапынан шешу жолдары дереу қолға алынады, сондықтан еш кедергі болмауы керек. Ескеретін жайт, жолды жай ғана салып қоймай, оның бойындағы сервисті жоғарылату маңызды. Сондай-ақ, аумақтағы байланыс мәселесін шешу жолдарын шұғыл қолға алуды тапсырамын»-деді өңір басшысы өз сөзінде.