Жауапты ата-ана – қауіпсіз бала

Рейтинг
21.04.2025, 17:21
Жауапты ата-ана – қауіпсіз бала

Бала қауіпсіздігі – әрқашан басты назарда. Олардың өмірі мен денсаулығын қорғау – ата-ананың тікелей міндеті.

🔷Осы мақсатта Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балалардың жоғары қабаттан құлауын алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

🔷Іс-шара Қаратау және Абай аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерде өткізілді.
ТЖД мамандары үйлерді аралап, ата-аналарға терезе маңында баланы қараусыз қалдырудың қауіптілігі туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындарға балалардың қауіпсіздігіне арналған жаднама парақшалары таратылды.

🔷Әсіресе көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылды. Осындай отбасылардың пәтерлерінің бірінде  терезе бекіткіштері орнатылып, мамандар балалардың өмірін сақтау үшін қандай қарапайым, бірақ маңызды қадамдар жасау керектігін түсіндірді.

✅ТЖД мамандары ата-аналарға мынадай кеңестер береді:
    •    Терезелерге арнайы бекіткіш орнату және терезе торларының  қорғаныш болмайтынын назардан тыс қалдырмау 
    •    Балаларды қараусыз  қалдырмау
    •    Терезе маңында орындық, үстел сияқты жиһаздарды қоймау
    •    Балалармен терезе мен балкон маңындағы қауіптер туралы сөйлесу

🔷Құрметті ата-ана Балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаңыздар! Бұл үлкен қайғылы жағдайдың алдын-алуға мүмкіндік береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom