Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков тұрғындармен кездесті

Рейтинг
01.05.2025, 13:02
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков тұрғындармен кездесті

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті. Сонымен қатар өңір басшысы аудан тұрғындарын жеке қабылдап, өзекті мәселелерін тыңдады.

Кездесу барысында көтерілген негізгі сұрақтар тұрғын үй алу кезегі, жол және көпір инфрақұрылымын жөндеу, жарықпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Облыс әкімі әрбір өтінішті жеке бақылауға алып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Еліміз үшін маңызды айтулы мерекелер қарсаңында облыс басшысы аудандағы 10 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Аталған баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған. Сонымен қатар, «Самға» ЖШС директоры Абай Болатұлы қосымша үш бөлмелі пәтерді демеушілік ретінде көпбалалы анаға сыйға тартты. Облыс әкімі кәсіпкерге шынайы алғысын білдіріп, бұл бастаманың жалғасуына сенім білдірді.

Осылайша бір күнде ауданның 11 отбасы жаңа баспанаға ие болып, қуанышқа кенелді.

Облыс басшысы сондай-ақ ауданға сапалы кадрларды тарту жұмыстарын тоқтатпау және жас мамандарға тұрғын үй дайындау процесін жеделдету қажеттігін тағы бір рет атап өтті.

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына атсалысып, Таңбалы тас саябағына және жеке кәсіпкер салған орманшылық алқабында шырша көшеттерін отырғызды. Өңір басшысы отырғызылған ағаштардың күтімі мен суару жүйесін ұйымдастыруды міндеттеді.

Сұхбат

PhotoRoom