Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз!
Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады, және әрбір осы кереметтің артында акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі жатыр. Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін қамқорлық жасап, тек медициналық емес, моралдық қолдау да көрсетеді. Бұл — әйелдер мен олардың сәбилері үшін ең толқынысты әрі маңызды сәттерде жанында болатын нағыз қаһармандар.
📌 Қазақстандағы босандыру жүйесі туралы деректер:
• Елімізде 240 босандыру ұйымы, оның ішінде 58 перзентхана және 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді.
• Амбулаториялық көмекті 810 әйелдер консультациясы, 1 282 дәрігерлік амбулатория және 790 фельдшерлік-акушерлік пункт көрсетеді.
• Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді, олардың 64%-ы қалада, 36%-ы ауылда жұмыс істейді.
• Перзентханаларда 3 740 акушер, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде 3 675 акушер қызмет етеді.
• 600-ден астам акушер шалғай жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттерде қызмет көрсетіп отыр.
📅 Халықаралық акушерлер күнін белгілеу туралы идея 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылы ресми түрде мойындалды. Қазақстанда бұл күннің де өзіндік маңызы зор — әрбір қуанышты сәбидің дүниеге келуінің артында өз ісіне мұқият, тәжірибелі және адал акушерлер тұр.
💐 Барлық акушерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге, күш-қайраттарыңызға және өз ісіңізге деген сүйіспеншіліктеріңізге алғысымыз шексіз!
*****
5 МАЯ — ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ АКУШЕРКИ
Сегодня мы чествуем тех, кто стоит у истоков новой жизни — акушерок!
В Казахстане в год принимается в среднем до 370 тысяч родов, и за каждым из этих чудес — труд, забота и профессионализм акушерок. Они сопровождают будущих мам от момента поступления в роддом до самой выписки, оказывая не только медицинскую, но и моральную поддержку. Это настоящие герои, которые остаются рядом в самые волнительные и важные минуты жизни женщин и их новорожденных.
📌 Факты о казахстанской системе родовспоможения:
• В стране работает 240 родовспомогательных организаций, включая 58 родильных домов и 37 перинатальных центров.
• Амбулаторную помощь оказывают 810 женских консультаций, 1 282 врачебные амбулатории и 790 фельдшерско-акушерских пунктов.
• Всего по стране трудятся более 9 тысяч акушерок, из них 64% в городах и 36% в сельской местности.
• В родильных домах трудятся 3 740 акушерок, а на уровне первичной медико-санитарной помощи — 3 675 акушерок.
• Более 600 акушерок работают в фельдшерско-акушерских пунктах, оказывая помощь в самых отдалённых уголках страны.
📅 Идея учреждения Международного дня акушерки была предложена в 1987 году, а официально признан он стал в 1992 году. В Казахстане этот день также имеет особое значение — ведь за каждым счастливым рождением стоит чуткая, опытная и преданная своему делу акушерка.
💐 Поздравляем всех акушерок с профессиональным праздником! Спасибо за вашу преданность, терпение и любовь к своему делу!