Тауықтан басталған табыс: «Ауыл аманаты» арқылы бизнесін өрлеткен кәсіпкер

Рейтинг
07.05.2025, 13:35
Тауықтан басталған табыс: «Ауыл аманаты» арқылы бизнесін өрлеткен кәсіпкер

2024 жылы Никольск ауылының тұрғыны Гаухар Нұрланқызы Аймаханова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 3 000 000 теңге көлемінде несие алып, балапандар сатып алуға, құс қораны жабдықтауға және ауылшаруашылық өнімін өңдеуге бағыттады. Бүгінде оның қосалқы шаруашылығында Ломан Браун тұқымды 800 тауық бар. Гаухар ханымның айтуынша, көптен бергі арманы осы бағдарлама арқылы орындалды.
     «Бұл бағдарлама бізге көптен бері армандап жүрген жобамызды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік берді. Бұрын қаражаттың жоқтығынан іске асыра алмай жүрген едік. Енді өз өнімімізді өндірумен қатар, ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтып отырмыз», – дейді Гаухар Аймаханова.
     Бұл – партияның ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жобасы. «Ауыл аманаты» бастамасы – шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығын қолдауға берілген тамаша мүмкіндік.
     «Жеңілдетілген несиелер ауыл кәсіпкерлеріне өз ісін бастауға және дамытуға нақты қолдау көрсетіп отыр», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Алтай аудандық филиалының төрағасы Данияр Ахметов.

Сұхбат

PhotoRoom