Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы

Рейтинг
22.05.2025, 10:28
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы

21 мамыр күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында WorldSkills стандарты негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  (ТжКОБ) ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.
Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашылық педагогтарын анықтау және қолдау және энергетика саласында инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.
2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау, елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадам. Қазіргі таңда еңбек нарығында техникалық мамандықтар сұранысқа ие, әсіресе энергетика саласы. Қазақстанның қуатты электр станциялары Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен ГЭС, Согра ЖЭО және Өскемен ЖЭО халықты және өнеркәсіпті сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуде. Аталған серіктес мекемелермен Өскемен жоғары политехникалық колледжі бірлесіп тығыз жұмыс жасау мақсатында «Электротехника және энергетика» бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі құрылған. Қазіргі таңда осы колледждің құзыреттілік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілетін алаң болып табылады.
Конкурсқа қатысушылары теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби біліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануды, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгергендігін көрсетуі тиіс.
Конкурсқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Жетісу, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарынан 19 арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысып кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Осы облыстардан 15 компатриот сарапшы келіп қатысушылар жұмысын бағалады.

Сұхбат

PhotoRoom