Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі және мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері үшін Ұлан аудандық мәслихатының депутаты, мәдениет қызметкері Нұртай Тілеужан «Құрмет» орденімен марапатталды.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәдениет қайраткерін жоғары марапатымен құттықтап, алдағы уақытқа шығармашылық табыстар тіледі.