Катонқарағай ауданында республикалық автожол бойындағы автобус павильондары жаңартылуда

Рейтинг
13.06.2025, 16:12
Катонқарағай ауданында республикалық автожол бойындағы автобус павильондары жаңартылуда


Катонқарағай ауданы арқылы өтетін республикалық маңыздағы автожол бойында автобус аялдамаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бірқатар елді мекендерде заманауи жаңа павильондар орнатылып, бұрыннан бар аялдамалар жөнделіп, абаттандырылуда.

Жұмыстар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып жүргізілуде. Барлық аялдамалар қоршалған — бұл малдың кіруін болдырмауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.

Жаңартылған павильондар ауа райынан қорғайды және шалғай ауыл тұрғындары үшін қоғамдық көлікті күту процесін әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Сұхбат

PhotoRoom