Ұлытау облысында республикалық маңызы бар автожол учаскесі жөнделуде

Рейтинг
13.07.2025, 10:37
Ұлытау облысында республикалық маңызы бар автожол учаскесі жөнделуде

Ұлытау облысының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 590-788 шақырым аралығындағы учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағыт еліміздің оңтүстік өңірлерін орталықпен және солтүстікпен байланыстыратын маңызды көлік дәлізі болып табылады. Сондықтан жол сапасын жақсарту – транзиттік әлеуетті арттырып, азаматтардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Жолдың тегістігі қалпына келтіріліп, ескі жабын алынып, орнына жаңа асфальтбетон төселуде. Сонымен қатар, жол бойындағы су өткізу құбырлары мен жол белгілері де жаңартылуда.

Бұл жұмыстар «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін уақытша белгілер орнатылып, көлік ағынына шектеулер қойылған.

Жолдың жаңартылған учаскесі пайдалануға берілгеннен кейін транзиттік және жергілікті көлік қозғалысы айтарлықтай жеңілдеп, өңірлік инфрақұрылымның сапасы артады деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom