Бірреттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды.
Сонымен қатар, 1 тамыздан бастап, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.
Жаңа оқу жылына дайындық ретінде биыл облыстың 7 мектебінде күрделі, 2 білім ошағында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Оған қоса, 24 мектеп 28 пәндік кабинеттерімен оның ішінде физика-6, химия-6, биология-5, STEM-6, робототехника -5 қамтамасыз етілуде.
Жылыту маусымдығына дайындық кезеңінің жылу жүйесіндегі қысымды қорытынды сынау кезеңінен 100% өткізілген. Жылыту қазандықтарына отын сатып алу және жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу порталында 63% мекеме келісім-шарт жасасты, 33% конкурстың нәтижесі енді белгілі болмақ.
Айта кетейік, Ұлытау облысындағы білім беру ұйымдары 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін 1 сыныпқа құжаттар қабылдап жатыр. Болжам бойынша 1 сыныпқа 4393 бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Бүгінгі таңда 3112 (71%) оқушы 1-сыныпқа қабылданды. Оның ішінде 2615 (84%) бала қазақ сыныптарында қабылданды.