ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА АРЗАНДАТЫЛҒАН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ЖЕТКІЗІЛЕДІ!

Рейтинг
31.07.2025, 10:18
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА АРЗАНДАТЫЛҒАН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ЖЕТКІЗІЛЕДІ!

Комиссия отырысының шешімі бойынша, күзгі дала жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отынын жеткізуші оператор анықталды.

 Егін жинау науқанына 14 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінен 14 өтінім келіп түсіп, жалпы көлемі 428 тонна дизель отыны бөлінді.
 Бұл отынды облысқа жеткізетін оператор ретінде «Petro-retail» ЖШС белгіленді.
 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін дизель отынының бағасы литріне 254 теңге көлемінде бекітілді.
Бұл – нарықтағы бағадан едәуір төмен, қазіргі таңда жанар-жағармай бекеттерінде дизель отынының орташа бағасы  315 теңгені құрайды. 
Бұл — алда келе жатқан науқанды табысты әрі уақытылы өткізуге мүмкіндік береді.
Барлық ауыл еңбеккерлерін осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамыз!

Сұхбат

PhotoRoom