ЖАҢААРҚАДА КӨПБЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА

Рейтинг
05.08.2025, 10:29
ЖАҢААРҚАДА КӨПБЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА

Жаңаарқа ауданында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Көпбейінді орталық аудандық аурухана ғимаратына республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Ауқымды жөндеу аясында аурухананың іші-сырты толық жаңартылуда. Атап айтқанда, терезелер мен есіктер, едендегі линолеум, кәріз және электр жүйелері, желдету (вентиляция) жүйесі ауыстырылып, сыртқы қаптамасы, шатыр жабындысы жаңарып, аурухана аумағы абаттандырылады.

Жөндеу жұмыстарының мердігері – Алматы қаласынан келген «Еңбек» ЖШС. Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 10 ай және ол кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Бүгін аудан әкімі нысанға арнайы барып, жөндеу барысымен танысты. Әкім мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жұмыстардың сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және құрылыс стандарттарының сақталуына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Жөндеу аяқталған соң, аудан халқы заманауи талаптарға сай жаңарған медициналық нысанда ем қабылдау мүмкіндігіне ие болады.

P.S. Бұл – күрделі жөндеу болғандықтан, лифт жүйесі жаңартылмайды. Себебі лифтіні ауыстыру реконструкция санатына жатады. Ал бұл – техникалық тұрғыда мүлдем басқа жоба. Жөндеу шаралары аяқталған соң көзге бірден түсетін осы жайтты тұрғындарға түсіндіре кетуді жөн көрдік.

Сұхбат

PhotoRoom