Шығыс Қазақстанда ветеринарлық қызмет мамандарына жаңа қызметтік автокөліктер табысталды

Рейтинг
13.08.2025, 19:20
Шығыс Қазақстанда ветеринарлық қызмет мамандарына жаңа қызметтік автокөліктер табысталды

Бүгін өңірде Шығыс Қазақстан облысының ветеринар мамандарына жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ветеринар мамандығы адалдықты, төзімділікті, терең білім мен жоғары жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Индустрияландырудың қарқынды дамуына қарамастан, ауыл шаруашылығы өңір экономикасында маңызды рөлін сақтап отыр. Сондықтан білікті ветеринар кадрлары әрдайым жоғары сұранысқа ие.

– Сіздердің мамандықтарыңыз– жай ғана кәсіп емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігіне, экономикалық тұрақтылыққа және ұлт денсаулығына қосқан үлес. Малдың кез келген ауруы дер кезінде алдын алынып, өнім сапасы жоғары деңгейде болуына біз сенімді болуымыз керек, – деді өңір басшысы.

Автокөліктер облыстың әртүрлі аудан және қалаларындағы мамандарға берілді: Тарбағатай, Шемонаиха, Зайсан, Риддер, Өскемен. Жаңа техника шалғай ауылдық елді мекендерге жедел жетуге, мүмкін болатын қауіптерге жылдам әрекет етуге және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Кілттерді табыстау рәсімі өңірдің ветеринарлық қызметінің жұмыс тиімділігін арттырудағы тағы бір маңызды қадам болды.

Сұхбат

PhotoRoom